logos

2001 жылдан бері Республикалық медицина колледжінде «Ағылшын клубы» жұмыс істеп келеді. Республикалық медицина колледжі (Қазақстан Республикасы) мен Бристоль Университетінің (Ұлыбритания) көп жылғы жемісті еңбегінің нәтижесінде колледжімізде ағылшын тілін үйренем деушілерге клуб ұйымдастырылды.

1998 жылы Ноу-Хау қоры отбасылық мейірбике дайындау бағдарламасын дамытуға грант бөлгеннен соң, Республикалық медицина колледжі (Қазақстан Республикасы) мен Бристоль Университеті (Ұлыбритания) бірлесіп жұмыс істей бастады. Осы жоба аясында колледж оқытушыларына ағылшын тілін үйрету қажеттілігі айқындалды, өйткені тілді білу қазақстандық және британдық оқытушылардың қарым-қатынасын жеңілдетеді, және осы жоба барысында клубымыз ағылшын тіліндегі әдебиеттермен толықты. Сонымен қатар, мейірбике ісі бойынша барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер ағылшын тілінде болғандықтан, ағылшын тілін білу тек қана оқытушылар үшін емес, студенттер үшін де маңызы зор.

Студенттердің ағылшын тілін үздіксіз меңгеруі үшін колледжде ағылшын тілін меңгеруге тілек білдірген студенттерге қажетті материалдармен арнайы жабдықталған кабинет ашу көзделді. Клубты ашуда Британ Кеңесі мен Бристоль Университетінің оқытушылары мен студенттері қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетті.Ағылшын клубының ашылуы оқу сапасының жақсаруы мен халықаралық қатынастардың дамуына әсер ете отырып, колледж өміріне елеулі өзгеріс әкелді.«Ағылшын клубы» мүшелері «Ағылшын тілінде бәрі мүмкін» деген ұранды негізге ала отырып, жұмыс істейді. Жыл сайын клуб мүшелері жаңартылып отырады,клубқа кіруге тілек білдірушілер тест тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Қорытындылардың нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен студенттер «Ағылшын клубының» мүшесі болады. «Ағылшын клубы» сабақтарында ағылшын тілі тереңдете оқытылып, Ұлыбритания мен Қазақстанда болып жатқан оқиғалар талқыланады.

«Ағылшын клубының» мүшелері медицина мен ағылшын тіліне байланысты Республикалық сайыстарға, қалалық олимпиадаларға қатысып тұрады.«Ағылшын клубы» мүшелері жыл сайын жылдық қорытынды іс-шарасы аясында «Англия күнін» атап өтеді. Бұл мереке барысында студенттер өздерінің тілдік және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Ағылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубы

Ағылшын күні

2014 жылы 23 сәуіркүні Республикалық медицина колледжінде Ағылшын күні өтті. Ол күн ұлы ағылшын жазушысы У.Шекспирдің 450-жылдығына арналды. Ұлы ақынның шығармашылық кешінде конкурстар өткізілді. Конкурсқа қатысушылар У. Шекспирдің сонеттерін ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде оқып, Шекспирдің поэмаларынан көріністер қойды.

Ағылшын клубыАғылшын клубыАғылшын клубы

Перейти контентке