Спорттық өмір

Қазіргі кезде салауатты өмір салты біздің колледждің оқушылары, үшін денсаулығын нығайтудың, еңбек етуді ұйымдастырудың, белсенді демалудың саналы қажеттілігіне айналды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Стратегиясы-2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» жолдауын жүзеге асыра отырып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін мерзімінен бұрын жанғырту және салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде Республикалық медицина колледжінде салауатты өмір салтын дәріптейтін өрістетілген ақпараттық науқан жалғасып жатыр, әсіресе ол Білім және ғылым министрлігіне қарасты қалалық кәсіби колледждер арасында ХIХ-Спартакиаданы өткізу кезінде күшейді.

Жарыстардың негізгі міндеті – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді денсаулығын нығайту қажеттілігіне баулу, қозғалыс белсенділігін ұлғайту, өздерінде моральдік-еріктік қасиеттерді тәрбиелеу.

Оқу жылы бойына Алматы қаласының 21 колледжінің құрама командалары спорттың 13 түрі бойынша ең күштілер атағы үшін күресті.

Біздің құрама командалар спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысып,нәтижелері бойынша орындарды төменгіше бөлісті:

  • баскетбол-(Қ) -1-орын-оқытушы Аннина И.П.: (Ұ)-5-орын оқытушы Молева О.П
  • волейбол- (Қ) -3-орын; (Ұ)-5-орын-оқытушы Жалпақова Ш.Т.
  • үстел үстілік теннис – (Қ) -5-орын; (Ұ)-2- орын-оқытушы Нұрмағамбетов И.С.
  • мини – футбол –(Қ) -5-орын; (Ұ)-6-орын-оқытушы Дюсембаев Д.А.
  • кросс –(Қ) -7-орын; (Ұ)-7-орын-оқытушы Молева О.П.
  • Президенттік көпсайыс – (Қ) -4-орын; (Ұ)-9-орын-оқытушы Симакова Л.А.
  • шашка-(қ)-8-орын; (Ұ)-2- ОРЫН; шахмат-(Қ)-4 орын (Ұ)-8 орын-оқытушы Әуелбек Л.С
  • спорттың кәсіби қолданбалы түрлері-(Қ)-2-орын –оқытушы Аннина И.П; (Ұ)-2- орын – окытушы Симакова.Л.А; (Ұ) – 4-орын-оқытушы Нұрмағамбетов
  • гир- 2-орын; армрестлинг -2-орын-оқытушы Дюсембаев Д.А

 

Жалпы есепке РМК командасы (Қ)-3-орынды иеледі.

 

2014 жылдың 19 – 23 мамыры күндері РМК спорт залында «Салауатты өмір салты-ұлт денмаулығының кілті» девизі астында «Дене тәрбиесінің апталығы» өтті.

Жарыстардың бағдарламасы:

19.05.2014 ж. сағ. 1200-де 9-сынып базасында барлық мамандықтар бойынша оқу топтарының арасында (Ұ) (6 команда 7 адамнан) «Көңілді старттар»жарыстары болды.

Бағдарламада эстафеталар және арқан тарту

Жарыстың нәтижелері бойынша жүлделі орындар төмендегіше бөлінді:

1-орын-Е 02-13 тобы

2-орын-З/Т02-13 тобы

3-орын-Ф 02-13 тобы

20.05.2014 ж-12.00 сағ -9 сынып базасында барлық мамандықтар бойынша оқу топтары арасында (Қ) (8 команда 7 адамнан) «Көңілді старттар»жарыстары өтті.

 

Бағдарламада эстафеталар мен арқан тарту

Жарыстардың нәтижелері бойынша жүлделі орындар төмендегіше бөлінді:

1 орын-Ф 01-13 тобы

2 орын-МI-01-13 тобы

3-орын-Лаб 02-13 тобы

21-22.05. 2014 ж. Алматы қаласы медициналық колледждері арасындағы жарыстар.

 

Бағдарламада үстел үсті теннисі, секіргіште секіру, «дартс» арқан тарту бойынша жарыстар болды.

Жалпы есепте қыздар арасында РМК командасы 2-орынды иеленді.

Жалпы есепте жасөспірімдер арасында РМК командасы 1-орынды иеленді.

Жарыстардың жеңімпаздары барлық номинациялар бойынша және жалпы есепте де спорттық грамоталармен марапатталды.

2014 жылдың 2 маусымында РМК спорт залында РМК оқытушылары мен қызметкерлерінің балалары үшін «Балаларды қорғау күніне» арналған «Дені сау бала-дені сау болашақ»девизі астында «Көңілді старттар» спорттық мейрамы өтті.

Біздің колледждің оқытушылары мен қызметкерлері де өз денсаулықтарына бей-жай қарамайды. Олар Алматы қаласы кәсіби колледждері арасындағы ХVIII-Спартакиадаға үстел үсті теннисі бойынша (2-орын), волейбол бойынша (4-орын), спорттың қолданбалы түрлері бойынша (1-орын), мини-футбол бойынша (6-орын), шашка бойынша (4-орын), шахмат бойынша (5-орын) белсенді қатысты.

Жалпы есеп бойынша РМК құрама командасы қалалық Спартакиада 4-орынды иеледі.

2014 жылдың 7 сәуірінде колледждің спорт залында Халықаралық денсаулық күніне арналған «Қабырға» жарысында РМК құрама командасы мен стоматология ЦӘК командасы волейбол, мини-футбол және арқан тарту бойынша сайысқа түсті

Табанды күресте «Стоматология»ЦӘК командасы жеңіп шықты.

2014 жылдың 23 маусымы күні «Дене тәрбиесі апталығы» шеңберінде спорттың қолданбалы түрлері («дартс», айыптық тастау, боулинг)және шашка бойынша оқытушылар мен қызметкерлер арасында жарыстар өтті.

Жарыстаға ЦӘК-тардың, әкімшіліктің және шаруашылық бөлімнің командалары қатысты.