logos

Орта медициналық білімінің 1996 жылғы реформасына байланысты орта медициналық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру Республикалық училищесі, Республикалық медициналық  училищесімен бірігуімен, қайта ұйымдастырылып,  Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі   Республикалық колледжіне бөлім статусында енгізілді.

Бүгін бұл жаңашаланған, динамикалық көркейген дәрежедегі білім беру ұйымы.

Бөлімше Денсаулық сақтау министрі бұйрығымен бекітілген №691 «Орта медициналық және фармацевтік білімі бар мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру Ережесі», 2009ж. 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген  №788 Қосымша білім беру  Мемлекттік Стандарттарына сәйкес өз жұмысын атқарады.

Қосымша білім берудің негізгі түрлері – біліктілікті арттыру (54/1-108/2сағ/апта), қайта даярлау – (432/8-540/10-648/12сағ/апта).

Бір академиялық апта – 36 оқу сағатынан тұрады. Сабақтар колледж базасында және  ЕПМ  өткізілуі мүмкін.

Оқыту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі бекіткен Қосымша медициналық және фармацевтік Стандарттарына, Типтік оқу бағдарламаларында сәйкес  жүргізіледі.

Оқыту тыңдаушылардың талап етуі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тыңдаушылардың контигентін құру денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші негізінде, білім беру ұйымдарының, заңды және жеке тұлғамен келісім шарттары арқылы іске асырылады,

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау ақысыз және ақылы түрде  жүргізіледі.

Орта медициналық білімі бар қызметкерлер 014 «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгілі мөлшерде ақысыз квота шеңберінде оқи алады (егер ұйым өз уақытында өтініш берілсе).

Сондай-ақ, осы  014 Бағдарлама бойынша республикадағы медициналық колледждері жоғарғы медициналық білімі бар әкімшілік-педагогикалық  құрамы да ақысыз білім алуына болады. Сонымен бірге Республикалық бюджеттен мемлекеттік денсаулық сақтау  ұйымдарына бөлінген 010, 036 Бағдарламалары бойынша да оқыту өткізіледі.

Оқыту бағыттары

Оқыту 8 мамандандықтар және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне сәйкес біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың 100 ден аса бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі.

Әртүрлі білім беру  бағдарламаларды құрастыру және  іске асыруда бөлімше белсенді қатысады.

2011 жылдан бастап  2011-2015жылдарға арналған  «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасының бағыттары бойынша әртүрлі оқу бағдарламалары  құрастырылып іске асырылуда.

Оқу процесін жоғары және бірінші дәрежелі оқытушылар, денсаулық сақтаудың   мамандары  және  ҒЗИ, ҒО  жетекші мамандарымен толықтырылған.

Білім беру бағдарламаларын жүргізу

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімі оқытудың төмендегі түрлерін қалыптастырады:

– біліктілікті арттыру;

– қайта даярлау (мамандандыру);

– медициналық колледждерде оқытудың негіздері;

– жаппай көпшілік кадрларын даярлау:(дезинструктор, дезинфектор, аспазшы-диетолог, алғашқы  медициналық көрсетуге медициналық білімі жоқ парамедиктер т.б)

Орта медициналық білімі бар мамандар үшін  денсаулық сақтаудың өзекті  мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізіледі.

Материалдық-техникалық ресурстар

– оқу аудиториялары;

– жаңашаланған құралдар және техникалық заттар(фантомдар,муляждар, электронды тренажерлар, мультимедиялық құралдар, интерактивтік тақталар);

– компьютерлік кластар;

– кітапхана;

– интернет байланысы ресурстары.

Негізгі ұсыныстар

– білім беру ұйымдарының әкімшілік – басқару, педагогикалық құрылымына арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру;

– орта медициналық білімі бар мамандарына денсаулық сақтауда  және кәсіби қызметіне сәйкес қосымша білім беру бағдарламаларын құрастыру және іске асыру, қосымша білім берудегі қызметі;

– көшпелі оқыту циклдерін өткізу;

– оқыту семинарлары.

РМК-да  орта медициналық  білімі бар  мамандарды қайта даярлау және біліктілікті арттыруда  бөлімшеде барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Перейти контентке