«Ән падишасы – Шәмші» атты ашық тәрбие сағаты

2014 жылы 17 ақпанда «Мейірбике ісі» бөлімі, Мі 01-13 тобы (топ жетекшісі Орынбасарова М.Ж.) ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» атанған Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән падишасы – Шәмші» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Кеш барысында сазгердің өмірінен, шығармашылығынан көп мәлімет берілді, оның жүректен қозғалатын әсем әуендері шырқалды.