Бұл айтулы күн – көз жанарынан айырылған жандарға қоғамның көңілін аударту.
2009 жылдан бастап Республикалық медицина колледжінде «Мейірбике ісі» мамандығы «Массажист» біліктілігі бойынша мүгедек – студенттер білім алуда.
Мүгедек – студенттерді колледждің қоғамдық жұмыстарына араластыру мақсаты және олардың тұлға ретінде дамыту мақсаты бойынша тақырыптық тәрбие сағаттары, экскурсиялар, концерттер және спорттық шаралар ұйымдастырылып отырады. Осы шараларды атқаруға мүгедек – студенттер белсенді ат салысады.
13 қарашада мүгедек – студенттер дайындаған мерекелік шара өткізілді.
Осындай мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс жүргізудің мақсаты олардың осы өмір соқпағында өз орындарын таба білуі.