«Нұрлы жол – болашаққа жол»

Республикалық медицина колледжінің ұжымында Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Колледж директоры С.Т.Сейдуманов өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының маңыздылығын және студенттерге жолдауды жеткізудің мақсатының мәнділігін және Елбасы жүктеген міндеттерін шешудегі рөлінің белгісін атап өтті.

Сонымен қатар, Жолдау талқысына оқытушылар мен студенттер қатысып өз пікірлерімен бөлісті.