Қайырымдылық акциясы

2015ж. 19 сәуірде «Мейірбике ісі» бөлімі, МІ 01-14 топ студенттері (топ жетекшісі Мухашев Ж.Е.) «Ақ үміт» балалар үйіне қайырымдылық көрсете отырып, тәрбиеленушілерге арнап әр түрлі ойындармен қатар, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Балалар үйінің директоры Қалинұр Қасықбайұлы Болысов студенттерге ақыл – кеңестерін айта отырып, балалар атынан шексіз алғысын білдірді.

Студенттер өз атынан жиі келіп тұруға ниеттерін білдірді.