«Сұрапыл соғыстың жаңғырығы» фотокөрмесі

2015 ж. 4 мамырда «Ортопедиялық стоматология» бөлімі, з/т 01 – 14 тобының студенттері (топ жетекшісі Г.К. Шыңғожанова) Алматы қаласы тарихының музейі қорынан алынған соғыс жылдарындағы сирек кездесетін фотоқұжаттар көрсетілген «Сұрапыл соғыстың жаңғырығы» атты фотокөрмеге қатысты.

Фотокөрме Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және жеңісті жақындатқан соғыс ардагерлерінің құрметіне арналған.