4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

2014 ж. 4 маусым күні колледждің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – ел беделі» атты мерекелік шарасы болып өтті.

Мерекелік шараның мақсаты – өскелең ұрпақты еліміздің қасиетті рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, насихаттау және жастардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру.

Мерекелік шараны дайындаған «Ортопедиялық стоматология» бөлімі, з/т 01-14 тобы студентері (топ жетекшісі Байболова К.Н.).

«Рәміздер – ел беделі» атты әдеби – сазды композиция дайындалып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғарғы атрибутикалары – елтаңба, ту және әнұранның шығу тарихы туралы деректі фильм көрсетілді.