«Салауатты салтпен өмір сүреміз!»

Халықаралық темекі тартудан бас тарту күніне арналған «Салауатты салтпен өмір сүреміз!»атты ашық сынып сағаты 2015 жылдың 17 қарашасында «Сестринское дело» бөлімінің СД 1-15 (топ жетекшісі Абдулдаева Ж.Т.) тобында өткізілді.

Студенттер мазмұнды түрлі түсті плакаттар дайындап, тақпақтар оқып, денсаулықты сақтау және оны нығайту жөнінде, спорт пен дене шынықтырудың денсаулыққа және адам ағзасының сәтті дамуына байланысы жөнінде әңгімелеп берді.