«Барлығы да дұрыс тамақтану үшін»

2015 жылдың 18 қарашасында колледждің мәжіліс залында Қазақ тағамтану Академиясының қызметкерлері және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оқытушысы А.М. Қожахметова «Барлығы да дұрыс тамақтану үшін» атты дәріс өткізді. Бұл шараның мақсаты студенттерде салауатты өмір сүру салтының негізгі тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

Дәрісте дұрыс тамақтанудың қағидалары, студенттердің тәуліктік тамақтануларының рационы, тамақтану режимін сақтаудың негіздері кеңінен талқыланды.

Дәрумендер мен микроэлементтердің маңызы, олардың жетіспеушілігінің алдын алуға ерекше мән берілді.