Желтоқсан оқиғаларының қатысушыларымен кездесу

2015 жылдың 9 қарашасында колледжде Желтоқсан оқиғаларының қатысушылары ақын Аманғазы Кәріпжантегі және журналист Феруза Асылбекқызымен «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» тақырыбында кездесу өткізілді (з/т 01-15 тобы, топ жетекшісі Байболова К.Н., СД 01-15 тобы, топ жетекшісі Таласбаева Ж.А.).

Студенттер осы күндердің батырларына арналған өлең жолдарын оқыды. Қонақтар өз тараптарынан Желтоқсан оқиғаларына қатысқандықтары жайлы әңгімелеп берді, болашақ мамандарға шығармашылық табыс және бейбіт аспан астында өркендеуді тіледі.

Өткізілген шара өсіп келе жатқан жас ұрпақтың азаматтық, адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Маңызды тарихи оқиғаларды білу – ол идеологиялық, адамгершілік құндылықтарды және тәрбие үдерісіндегі қағидаларды ұштастыратын жас адамдарды жан-жақты тәрбиелеу үдерісінің кешенді тәсілдемесінің бір бөлігі болып табылады.