Колледж студенттері Жаңа 2016 жылды қарсы алды

2015 жылғы 24 желтоқсан күні Республикалық медицина колледжі студенттеріне арналған Жаңа жылды қарсы алу кеші өтті.

Ұйымдастырушылар: Студенттік Парламент және кәсіподақ ұйымы.

Колледждің игі дәстүріне айналған Жаңа жыл кеші баршаны ертегі әлеміне жетеледі. Студенттер музыкалық нөмірлер дайындап, Аяз ата қолынан бағалы сыйлықтарға ие болды. Барлық қойылымдар мерелік кешті сәндендіріп, қатысушылардың көңілінен шыға білді.