Дәстүрлі Педагогикалық оқулар

Республикалық медицина колледжінде 2016 жылы 19-21 қаңтарында “Коммуникативтік құзіреттілікті дамыту” тақырыбында дәстүрлі қысқы Педагогикалық оқулары өткізілді. ЦӘК-терден барлығы 29 баяндама келіп түсті. Көркемдік жоғары дәрежеде орындалған баяндамалар, слайд-презентациялар мазмұнды да тартымды болып, колледж оқытушыларының қызығушылығын арттыра түсті. Қатысушылар және арнайы құрылған комиссия мүшелері алдын ала таратылған анкета мен  бағалау парақтары арқылы ұсынылған баяндамалар мазмұнын “Педагогикалық оқулар” Ережесіне сүйене отырып сарапқа салды. Жалпы қорытынды бойынша І орынды “қазақ тілі және әдебиетінің” оқытушысы Закенова Бақытжан Закенқызы жеңіп алды. ІІ орынды “Дене шынықтыру” пәнінің оқытушысы Молева Ольга Павловна  мен “Балалар аурулары” пәнінің оқытушысы Бектасов Қалтай Бегалыұлы өзара бөлісті, ІІІ орынды “Мейіргер ісі негіздері” пәнінің жас оқытушысы Құрманханова Раушан Жансейітқызы иеленді. Жүлделі орындарды иеленушілерге колледж әкімшілігі атынан бағалы силықтар тапсырылды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.