«Ұлы Жеңіс жасасын!»

2016 жылдың 4 мамырында «Мейірбике ісі» бөлімі, Мі 4-15 тобында (топ жетекшісі Елеуова К.К.) Ұлы Жеңістің 71 – жылдығына орай «ҰлыЖеңіс жасасын!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет берілді, өлеңдер, поэмалардан үзінділер оқылып, соғыс кезіндегі әуендер шырқалып, сахналық көрініс көрсетілді.