Жеңіс күні

2016 ж. 6 мамырында колледжде 1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71-жылдығына орай «Мәңгі сөнбес Ұлы Жеңіс алауы!» тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Бұл мерекеге 22 соғыс және тыл ардагерлері шақырылды. Шараға дейін соғыс және тыл майданының ардагерлері колледж мұражайындағы әскери Даңқ бұрышына барып, ары қарай Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Мерекеде әскери дәстүрлерді насихаттаудың маңыздылығын, сонымен қатар, Отан алдындағы борышын өтеудегі көрсетілген ерліктер жөнінде атап өтілді.

Колледж кәсіподақ ұйымының атынан барлық шақырылған қонақтарға дәстүрлі жауынгерлік паек тапсырылды.