Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романына – 50 жыл

2017 ж. 26 сәуір күні С. Мұқанов мұражайында майталман қазақ классигі Сәбит Мұқановтың туған күніне орай өткізілген ««Аққан жұлдыз» романына – 50 жыл» тақырыбында өткізілген семинар – сабаққа колледжіміздің “Мейірбике ісі” бөлімі, МІ 01-16 тобының білімгерлері қатысты.

Мұражай қызметкерлерімен колледжіміздің қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы М.Ж. Орынбасарованың бірлесе өткізген сабағынан оқушылар Сәбит Мұқанов және «Аққан жұлдыз» романының басты кейіпкері Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректермен қызықты мәліметтер тыңдады.