Білім күні

2016 ж. 1-қыркүйек күні Республикалық медицина колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы және «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы аясында, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және 1-қыркүйек – Білім күні мерекелері ұйымдастырылып, атап өтілді.

Салтанатты жиынды колледж директоры, медицина ғылымының докторы, профессор С.Р.Рузуддинов ашты.

ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері С.Ф. Сиразитдинова және студенттік Парламент төрайымы М.Мейрамова 1-ші курс студенттерін Білім күнімен құттықтады.