Фин әріптестермен кездесу

24 ақпан 2017 жылы ЖШС негізінде «Республикалық Жоғары медициналық колледжі» базасында JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) бас сарапшысы медицина ғылымдарының докторы Johanna Heikkilä (Ms), Lahti қолданбалы ғылымдар университетінің бас сарапшысы Hannele Tiittanen (Ms), RN, LicNSc, MSc(Ed.),  мейірбике ісі реформасын қолдау жөніндегі Денсаулық сақтауды дамыту орталығының сарапшысы Ж.С. Шалхаровамен, ҚазМҮББУ магистратура және докторантура басшысы Д.А. Оспановамен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар бірқатар мәселелерді талқылады:

  • “Мейіргер ісі” мамандығы, қолданбалы бакалавриат біліктілігі бітірушілерінің дипломдық жұмыстарын орындау және қорғау;
  • мейіргер ісіндегі зерттеу әдістемесі;
  • Қазақстан -Финляндия екідипломдық магистратура бағдарламасын жүзеге асырылуы.

Кездесу қорытындысы бойынша, Финляндиялық әріптестер  дипломдық  жұмыстың өзекті тақырыптарын және ғылыми-зерттеу әдістерін таңдау бойынша ұсыныстар берді.

Қазақстан -Финляндия екідипломдық магистратура бағдарламасын іске асыру  2017 жылдың 1 қыркүйеінде бастау жоспарланған. Динара Альмуханқызы магистратураға қабылдау талаптарымен таныстырды.