31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні шеңберінде С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде ұйымдастырылған жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бір топ қазақтың зиялы қауым өкілдерінің ашаршылық туралы жазған “Бесеудің хатына” 85 жыл толуына байланысты белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыш және ақын Әділғазы Қайырбековпен кездесу өтті.

Аталған іс шараға “Емдеу ісі” бөлімі Е 03-16 тобы (топ жетекшісі Кубеева Ж.Қ.) қатысып өздері дайындаған көріністер қойып, баяндамалар жасап, өлеңдер оқыды. Кеш соңында Н.Ақыш пен Ә. Қайырбеков топқа қолтаңбалары қойылған кітаптарын сыйлады.