“Рухани жаңғыру” атты 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті

Республикалық жоғары медицина колледжінде «Рухани жаңғыру» атты 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиында колледж әкімшілігі мен барлық оқытушылар құрамы таныстырылды. Сонымен қатар жиында колледжіміздің  бас директоры медицина ғылымының докторы  С.Р. Рузуддинов  колледж білімгерлерін білім күнімен құттықтап «Бүгінде колледж түлектері Отанымыздың барлық түкпірінде жеңісті де, жемісті еңбек етеді. Бұл колледжіміздің сапалы білімі мен тәлімді тәрбиесінің нәтижесі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің келешегін ойлайтын болса, тәуелсіздігіміздің болашағы мықты болады»  деген болатын. Демек, сіздер біздің оқу ордамызды таңдай отырып, болашаққа сәтті қадам жасадыңыздар».

Жиын  соңында колледж директоры Н.Б. Рузденова 80 жылдық тарихы бар колледжіміздің ұлағатты ұстаздары мен білімгерлерін жаңа оқу жылымен құттықтап, ұжымға табыстар тіледі.