Қолданбалы бакалавр дәрежесі бойынша финляндалық әріптестерімізбен онлайн конференция болып өтті

Бүгін пилоттық жоба – қолданбалы бакалавр дәрежесі бойынша финляндалық әріптестерімізбен онлайн конференция болып өтті.
Тәжірибе алмасу мақсатында өткен онлайн конференцияға еліміздегі жеті бірдей жоғары колледж бен 29 медициналық ұйым өкілдері қатысып, байланысқа шықты.

Республикалық жоғары медициналық колледжінің бас директоры Найля Бексауытқызы Рузденованың қатысуымен өткен онлайн конференцияда әріптестеріміз пилоттық жоба бойынша біраз пікір алмасты.

PHD докторы, шетелдік кеңесші Йоханна Хейккила, медициналық колледждер Одағы бірлестігінің төрайымы Жанар Сайлаубекқызы, РЖМК бас директорының практикалық оқу ісі жөніндегі орынбасары Айжан Мұсакуловна және №33 қалалық емхана қызметкерлері, Орталық қалалық клиникалық ауыруханасы, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы онлайн конференцияға қатысты.