Орталық қалалық клиникалық ауруханасында өткен семинар-тренинг

Республикалық жоғары медициналық колледжінің оқытушылары 6-шы қараша күні “Орталық қалалық клиникалық ауруханасында” кезекті үшінші семинар-тренингін өткізді. Тренинг барысында «Гепатит және оның түрлері», «Мейіргер мен пациент арасындағы коммуникативті қарым – қатынас» және «Мейіргер ісіндегі инновациялық технологиялардың  рөлі» сияқты өзекті тақырыптар айтылды. Жалпы жетпіс мейіргер қатысқан тренинг барысында аталған тақырыптардан бөлек, мейіргерлердің өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша да жауап берілді.