“КРЕАТИВТІ СТУДЕНТ – БОЛАШАҚ МАМАН” атты Республикалық жобалар фестивалінен РЖМК студенті 1-орынды жеңіп алды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай, ОНЛАЙН ұйымдастырылған “МЕДБИКЕЛІК ІС” мамандығы бойынша “КРЕАТИВТІ СТУДЕНТ – БОЛАШАҚ МАМАН” атты Республикалық жобалар фестивалінен (06.12 2018) 1-орынды РЖМК жеңіп алды. Айта кетейік, аталмыш жобалар фестиваліне “Мейіргер ісі” мамандығында оқитын 3-курс студентіміз Анель Мақсат ғылыми жетекшісі С.С. Шабденовамен қатысқан болатын. Айтулы жеңіспен барша оқытушылар мен студенттерді құттықтаймыз!