Алғашқы медициналық санитарлы көмектегі мейіргердің жаңа рөлі атты кезекті семинар өтті

Желтоқсан айының  алтысы  күні Республикалық  жоғары медицина колледжінің оқытушысы Бектенов Ринат Дулатұлы,  Абдирасил Жансая Дүйсеналикызы Алматы қаласының Орталық қалалық  клиникалық  ауруханасына  «Алғашқы медициналық санитарлы көмектегі мейіргердің жаңа рөлі»,  «Инфекции, связанные со здравохранением Звенья инфекционного процесса » тақырыбында  семинар тренинг өткізді. Семинарға  барлығы елу екі маманнан тұратын  дәрігерлер мен мейіргерлер қауымы  қатысты. Семинар барысында презентация, видео жаңалықтар, сүрақ  жауап жүргізілді және мейіргерлердің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алынды. Семинар соңында дәстүрдегідей  мамандарға сергіту жаттығулары жасалды.