“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпаздарымен кездесу

Қазақстар Республикасының президенті жанындағы “Қоғамдық келісім” республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпаздарымен кездесуге колледжіміздің студенттері қатысты. “Менің табысқа жету тарихым – менің елімнің табысы” атты кездесу Достық үйінде ұйымдастырылып, 100 жаңа есім жеңімпаздары жетістікке жету жолындағы еңбектерін жастарға түрткі ретінде баяндап берді.