Колледж басшысы биылғы жылы оқу бітіретін студенттермен кездесті

Республикалық жоғары медициналық колледжінің Бас директоры Найля Бексауытқызы Рузденова биылғы жылы оқу бітіретін студенттермен кездесті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін кездесуде студенттердің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ кездесуде, Найля Бексауытқызы білім саласына еніп жатқан жаңа бағдарламалар мен емтихан тапсырудағы өзгертулер жайлы  түсіндіріп өтті. Сөз соңында студенттерді алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап, алдағы емтихандарға сәттілік тіледі.