Колледждің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдауды сіздің жұмыс орныңызға барып жүзеге асыра алады

Құрметті медбикелер!

Бүгінгі таңда “Республикалық жоғары медициналық колледжі” ЖШС Қазақстан Республикасындағы барлық іске асырылып жатқан мамандықтар бойынша аккредиттелген жетекші білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

Миссияға сәйкес колледждің басты мақсаты мен міндеті білім беру саласындағы халықаралық серіктестік, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде озық оқу тәжірибесін, ғылыми зерттеулерді енгізу жолымен білікті тәсіл негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін Еуропалық білім беру стандарттарына бағдарланған сапалы білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Миссияны жүзеге асыру үшін колледждің барлық қажетті білім ресурстары бар:

-фин сарапшыларының қатысуымен оқыту семинарларынан, мастер-кластардан және шетелдік тағылымдамадан өткен білікті кадрлық әлеуетке ие;);

– оқу кабинеттері мен симуляциялық орталық заманауи мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған (Роботтар Симуляторлар, тренажерлер, манекендер);

– заманауи оқу-әдістемелік материалдар, оқулықтар мен интернет ресурстары.

2014 жылдан бастап “Қазақстан Республикасы, Республикалық жоғары медициналық колледжі” 6 медициналық колледждерінің қатарында ҚР ДСМ “Мейірбике ісі” мамандығының қолданбалы бакалавриаттың жеделдетілген білім беру бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыруға енгізілді.

2018 жылдан бастап “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша “Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры” біліктілігімен 82 адам қабылданды. Колледж түлектері еліміздің барлық аймақтарында және одан тыс жерлерде сұранысқа ие.

Колледж “Мейірбике ісі” мамандығына “мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры” біліктілігімен 1 жыл 6 ай оқу мерзімімен мейірбикелерді қабылдайды.

Колледждің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдауды сіздің жұмыс орныңызға барып жүзеге асыра алады.

Қабылдау комиссиясы тел: 291-95-08, 291-62-85