“Менің таңдауым – РЖМК” атты Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасы өтті

Қазан айының 29-ы күні Республикалық Жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттеріне арналған Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шарада колледжіміздің Бас директоры Найля Бексауытқызы Рузденова сөз сөйлеп, ұжым мен студенттерді айтулы мерекемен құттықтады.

 
Салтанатты шарада әнші Абай Бегей, Бейбіт Қушқалиев, Самат Жанғазин, күйші Еркін Құдайбергенов және тағы басқа өнерде жүрген жастар мен колледжіміздің өнерлі студенттері өнерлерін ортаға салды.
 
Сондай-ақ, М. Әуезов атындағы драма театрының әктерлары Ғалым Оспанов пен Арай Қусаинова кешімізге жүргізушісі болып, салтанатты шарамыздың жоғары дәрежеде өткізді.
 
 
Шара барысында студенттеріміз болашақ дәрігер ретінде Гиппократ антын қабылдап, оны бұзбауға серт берді.