Қазақстанның медициналық колледждерінің әдіскерлері мен оқытушыларына арналған оқыту семинары өтті

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үрдісіне кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізуге байланысты Республикалық жоғары медициналық колледжі базасында Қазақстанның медициналық колледждерінің әдіскерлері мен оқытушыларына арналған оқыту семинары өтуде.
Аталған семинарға Қазақстанның 37 медициналық колледжінен 46 тыңдаушы қатысуда. Семинар барысында білім беруді ұйымдастыру, білім беру үрдісінің оқу – әдістемелік құжаттамасын жүргізу және білім алушылардың жетістіктерін бағалау мәселелері талқылануда.